ШҚО-да еліміздегі алғашқы кәсіби жеңіл атлетика клубы ашылды

Dalanews 06 нояб. 2017 05:34 773

 Өскеменде «Altay athletics» кәсіби жеңіл атлетика спорт клубы ашылды. Елімізде алғаш рет ашылып отырған клубтың құрамына Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да мүше болып кірді.


         Айта кетсек, ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен аймақта Қазақстандағы алғашқы «Altay athletics» кәсіби жеңіл атлетика спорт клубы құрылған. Клубтың ашылу салтанатында облыс басшысы Олимпиада чемпионы  Ольга Рыпаковаға «2016 жылдың Үздік спортшысы» атты жеңіл атлетикадан Азия Федерациясының кубогін табыстады.


         –Аймағымыздағы спорттың жаңа серпін алғанына өте қуаныштымыз. Мұны біздің белді спортшымыз Ольга Рыпакованың бастағаны қуантарлық жағдай. Барлық балалардың спорттың жай ғана қызығушылық емес, елінің лайықты, кәсіби  азаматы болуына үлкен мүмкіндік екенін түсінсе деймін. Алдағы жылдарда «Алтай» брендын күллі әлем таныса деген ойдамыз, – деді Даниал Ахметов.




         Өз кезегінде, Ольга Рыпакова өңіріміздегі аталмыш спорт түріне қолдау танытқаны үшін облыс әкіміне алғысын білдірді.



Айта кетейік, клуб құрылғаннан бері, «Гаухар Лигасында» Ольга Рыпакова алтын медаль, Каролин Кипкируи күміс жүлде және Нора Джерута қола медаль иеленіп үлгерген.


         Аталмыш клуб еуропалық спорт клубтарының ішіндегі алдыңғы қатарлы, 94 жылдық тарихы бар «LC Zurich» клубымен жұмыс жасайтын болады. Қазірдің өзінде «Altay athletics» пен «LC Zurich» меморандумға қол қойып, бірлесе жұмыс істемек. Айта кетейік, клуб мүшелерінің құрамына Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, сонымен қатар Варвара Назарова және Артур Гафнер сынды шығысқазақстандық жас спортшылар енді. Сондай-ақ, ҚР жеңіл атлетиканың дамуына серпін беру үшін, жобаның алғашқы бастамасында кениялық спортшылар клубқа мүше болып кірді. Клубтың Бас менеджеры 30 жылға жуық уақыт халықаралық ірі спорт ұйымдарында жұмыс атқарған Гвидо Тоньони болып табылады.



Рекомендовать
Последние новости