ШҚО-да әрбір ардагерге бір миллион теңге берілетін болды

Dalanews 04 мая 2021 16:18 748

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының 79 қатысушысы тұрады. Мерекеге орай, өңірдегі ҰОС ардагерлеріне 1 000 000 (бір миллион) теңгеден бөлінді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, облыстық және жергілікті бюджеттен ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге бір реттік материалдық көмек қарастырылған:

- Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтар -11 адам (әрбір қатысушыға төлем мөлшері – 100 мың теңге);

- Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары - 22 адам (әрбір қатысушыға төлем мөлшері – 100 мың теңге);

- Басқа некеге тұрмаған, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері (күйеулері), қайтыс болған ҰОС қатысушыларының, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтардың әйелдері (күйеулері), мүгедек деп танылғандар – 531 адам (әрбір қатысушыға төлем мөлшері – 100 мың теңге);

- Наградталған тыл еңбеккерлері (ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар) - 320 адам (әрбір қатысушыға төлем мөлшері – 100 мың теңге);

– Марапатталмаған тыл еңбеккерлері (1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және ҰОС жылдары тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған) - 12 504 адам (әрбір қатысушыға төлем мөлшері-42,500 мың теңге).

Бюджеттен қарастырылған төлемдердің жалпы сомасы 705,0 млн.теңге.

Рекомендовать
Последние новости