Жемқорларды ұстап бергендер қомақты сыйақыға ие болады

Dalanews 04 мая 2021 16:25 998

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды ынталандыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетігі болып табылады. Сондықтан бұл мәселеге көп көңіл бөлеміз, – дейді ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Атап айтсақ, 2020 жылдан бастап мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілері туралы азаматтарды көтермелеу жүйесі құрылды. Азаматтарды көтермелеудің жаңа сараланған жүйесі енгізілді. Бұрын бұл қылмыс санатына байланысты жүзеге асырылған. Қазіргі уақытта егер пара сомасы 1 мың АЕК-тен жоғары болса бұл туралы хабарлаған адам пара немесе залал сомасына байланысты осы соманың 10%-на ие болады. Мысалы, егер сыбайлас жемқорлық қылмысының залал көлемі немесе пара 50 млн. теңге болса, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған тұлға 5 млн теңге алады.

2021 жылдың 1 тоқсанында республика бойынша 40 азаматқа жалпы сомасы 6,4 млн.теңге сыйақы төленді.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылады. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Сall-орталыққа 1424 нөмірі бойынша, шығысқазақстандықтарға 8 (7232) 29-88-88  нөмірі бойынша ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қоңырау шалуға болады.

Өңірдің барлық тұрңындарын берік азаматтық ұстаным танытып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауларын сұраймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, тек қоғам болып бұл әлеуметтік мәселені жеңе аламыз.

Рекомендовать
Последние новости