Шөкеев салынып жатқан спорт нысандарының құрылысын тексерді

Dalanews 20 окт. 2021 12:32 1197

Түркістанда әлемдік стандарттарға сай 1200 адам сыятын мұз айдынының құрылысы жүріп жатыр. Екі гектар жерде орналасқан мұз сарайы келер жылы пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауымен қолға алынған құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Заманауи кешеннің жалпы аумағы 5 мың шаршы метрден асады. Құрылыс барысын бақылаған облыс басшысы мердігерлермен кездесіп, оларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Шаһарда бой көтерген халықаралық дәрежегі ескек есу каналының негізгі құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Құрылыс алаңында болған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы жауапты басыларға ескертті.

Елімізде теңдесі жоқ олимпиадалық су кешені 80 гектар алқапқа жайғасқан.

Сапбординг, су шаңғысы, флайбординг, вейксерфинг, канополо, драгонбот және жағажай ойындар футболы, волейбол, гандбол, теннис, регби секілді су және жағажай спортының танымал түрлерін дамытуға септігін тигізетін спорт кешенінде кеңселер, қонақ үйлер, сауда орталықтары, кафелер, спорт және ойын алаңдары, аквапарк, балалар аттракциондары және тағы бас нысандар орналасады.


Бүгінде мұнда 1,7 млн текше метр топырақ қазылылып, нығыздалып, қайта төселуде. Бетондау жұмыстары жүріп жатыр.

Түркістанда сонымен қатар, «TURAN» футбол академиясы салынып жатыр. 20 гектар жерде құрылысы басталған футбол академиясының инфрақұрылымы әлемдік стандарттарға сәйкес, мұнда спортшыларға Еуропаның үздік клубтарындағыдай жағдай жасалатын болады. Жаңа кешенде еуропалық стандартқа сәйкес келетін 11 үлкен және шағын футбол алаңы, жасанды жабын, толық суару және дренаж жүйесі бар.

Облыс орталығында ат спорты кешені де салынуда. 35 гектар жерде орналасқан кешенде Поло-клуб, манеж, стендтік атысқа арналған алаңқай, садақ атуға арналған алаң, канал арқылы өтетін көпір мен атпен серуендеу аймағы болады. Облыс басшысы сонымен бірге жақын күндері ашылатын Экобазарда болып, ондағы инфрақұрылым жүргізу жұмыстарымен танысты.

Рекомендовать
Последние новости