69 жастағы кейуана үш немересімен жаңа үйіне ие болды

Dalanews 20 окт. 2021 16:55 911

Сауапты істерімен түркістандықтардың алғысына бөленіп жүрген «Үлес» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Райымжан Қошқаровтың бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мұқтаж отбасыларға 30 үй» ұранымен қайырымдылық акциясы басталған болатын.

Бүгін 69 жастағы қала тұрғыны Бибажар Салаева үш немересімен бес бөлмелі жаңа шаңыраққа кіріп, қуанышқа бөленді. Бұл «Үлес» қоғамдық қайырымдылық қорының үлестіріп жатқан отызыншы үйі.

Қоныс тойға қатысқан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Түркістан қаласы «Бірлік» тұрғын үй алабы бойынша аталмыш ұйымның басшысы Тайыр Абдуалиев Бибіажар апаға ізгі ниеттерін білдіріп, жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде тапсырды.

Бір жарым айдың ішінде құрылысы аяқталған жаңа үй табиғи газ, үй жиһаздары, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ, барша керек-жарақпен жабдықталған.

Шараға қатысқан «Үлес» қоғамдық қайырымдылық қоры мүшелері қысқа уақыт ішінде салынған үйге көмек қолын созған жергілікті кәсіпкерлерге алғысын жеткізді. Өз кезегінде Ж.Әзіретбергенов аталмыш қордың төрағасы Р.Қошқаровқа түркістандықтар атынан алғыс айтып, ел игілігі жолындағы атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

Рекомендовать
Последние новости