"Шын жүрегіммен айтып отырмын". Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйледі

Көркем Алдабергенова 16 апр. 2024 12:31 15583

Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйледі, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Ол Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты мәскеулік сарапшының сараптама нәтижесінің шешімін іс материалдарына қосуды қолдауды сұрады. 

"Мен, әрине, заңгер емеспін. Бірақ егер біздің мәскеулік сараптаманың нәтижесін қабылдамасаңыздар, менің ұлымның конституциялық құқығы бұзылады деп ойлаймын. Сондықтан сот, алқабилер, прокурорлар мен жәбірленуші тараптан мені ана ретінде түсінуді сұраймын. Мұны шын жүрегіммен айтып отырмын", - дейді Бишімбаевтың анасы. 

Еске салайық, бұған дейін алматылық сарапшы Нүкенованың өліміне себеп болған жарақаттарды көрсеткен болатын. Сот-медициналық сараптама қызметкері Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті. 

Тахир Халимназаровтың сөзінше, бұл жарақаттар Нүкенованың мәйітін сараптау нәтижесінде анықталды.

Яғни, алғашқы сараптаманы жүргізген сарапшылар анықтаған. Бұл жарақаттар сарапшының қорытындысында сипатталған.

Сарапшының сөзінше, мұның бәрі жалпылама бас жарақаты болып саналады. Оған бетіндегі жарақаттар да, бас сүйегіндегі жарақаттар да жатады.

Сот медицинасында бұл жарақаттардың бәрі сыртқы әсердің кесірінен болған зақымдану ретінде қарастырылады.  

Тахир Халимназаровтың сөзінше, өлімнің себебін айтқан кезде осы жарақаттардың бәрін қарастыру керек. Олардың әрқайсын бөлек қарастыруға болмайды. 

Сарапшы құлаудан алған жарақаттар болмағанын айтады. Ал Бишімбаев Нүкенова қабырғаға соғылып, артынша унитазға құлап түскенін айтқан болатын. 

Сонымен қатар, сот-медициналық сарапшы Салтанат Нүкенованың басындағы субдуральды гематоманың мөлшері 230 грамм болған. Бұл өлімге әкеледі.

Тахир Халимназаровтың сөзінше, Бишімбаев оны қолмен ұрды ма, алақанмен ұрды ма - маңызды емес. Себебі бұл жағдайда ұрған адамның салмағы айтарлықтай әсер ететін көрінеді. Салмағы ірі адам алақанымен болса да ауыр жарақаттауы мүмкін.

Сонымен қатар, Бишімбаев Нүкенованың өліміне қатысты жауап берген болатын. Оның сөзінше, Салтанат қабырғаға соғылып, унитазға құлаған

Рекомендовать
Последние новости