Шымкенттегі атышулы Nazira Gold қаржы пирамидасының ісі немен аяқталды?

Сағыныш Сардарова 30 окт. 2025 10:07

Шымкент қаласында Nazira Gold қаржы пирамидасын құру және басқару ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізді. Өзін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға ай сайын салынған қаржының 20-40% көлемінде табыс уәде еткен. Алайда төлем нақты табыстан емес, жаңа салымшылардың есебінен жүзеге асырылып отырған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 4 мыңнан аса азамат тартылған. Күдіктілер салымшылардан түскен ақшаны қымбат көліктер, жер телімдері мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған.

Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот шешімімен 402 млн теңге көлеміндегі қаражат, 52 көлік, жеке тұрғын үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, сондай-ақ, 17 келі зергерлік бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости