Шымкентте заңсыз жұмыс істеген 31 қытай еліне қайтарылды

Dalanews 12 февр. 2020 07:52 781

Шымкентте заңсыз жолмен алаңсыз жұмыс істеп келген қытайлықтарға қатысты сот шешімі шықты. Судья 31 Қытай азаматын елден шығаруды жөн деп тапқан, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Тексеру барысында Қытай азаматтарын жұмысқа тартқан кәсіпорын басшыларына миллиондап айыппұл салынды. Айтпақшы, олар да қытайлық болғандықтан елден аластатылды.

- Сот үкімімен Чжу Цзян Баоға айлық көрсеткіш 2500 еселенген мөлшерінде, яғни 6 миллион 125 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бүгінде олар Қазақстан аумағынан шығарылып, 5 жыл мерзімге қайта кіруге тыйым салынды, – деді Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.


Инвестор ретінде келген Қытай азаматы Шымкенттегі индустриялдық аймақта металл өңдеу зауытын ашпақ болған. Бірақ құрылысты жүргізуде өз отандастарына сеніп, 2018 жылы Алматының әуежайы арқылы 31 қытайды алдыртқан.

Бірнеше күнге келгендей болған Қытай азаматтары Шымкентке жеткен соң, жайбарақат жұмыс істеп жүр берген. Яғни, жатын орын мен жалақысы жақсы болыпты. Бірақ өткен жылдың күзінде көші-қон полициясының қолына түскен.

 

Рекомендовать
Последние новости