Шымкентте «Тұлпар» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Dalanews 24 апр. 2018 16:56 979

Шымкент қаласы Тұлпар мөлтек ауданында жаңа «Тұлпар» тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, ондағы 3 қабатты көп пәтерлі екі тұрғын үйдің кілті тапсырылды. Көп қабатты тұрғын үйдегі  пәтердің кілті «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша оңтүстікқазақстандық 72 отбасыға берілді. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев жаңа қоныс иелерінің қуанышымен бөлісіп, әрбір шаңыраққа береке бірлік тіледі.



– Елбасының жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің барлық бағыттары бойынша облыста тиісті жұмыстар атқарылуда.Осы Үндеудің бірінші бағыты «7-20-25» бағдарламасын өңірде сәтті жүзеге асыру үшін осы жылы жеке салушылар арқылы 104 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 16 тұрғын үй жыл қорытындысымен пайдалануға беріліп, барлық пәтерлерді «7-20-25» бағдарламасы арқылы тарату көзделуде, – деді облыс әкімі.

Бүгінде жарияланған бес әлеуметтік бастаманың нәтижесінде жеке инвесторлар облыста тұрғын үй құрылысын салуға қызығушылық танытуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында құны 7,9 млрд.теңгені құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үй (768 пәтер, 53,2 мың ш.м.) құрылысына екінші деңгейлі банктен несие алған жеке құрылыс салушыға Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 пайыздық субсидия беру қолдау тапты. Аталған тұрғын үй құрылысы ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.



Бүгінгі пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйлер «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Самұрық Қазына» АҚ-ы және «Ақмойнақ» ЖШС-і қаражаттары есебінен бірлесіп салынды. Жалпы аталған тұрғын үй кешенінде 3 қабатты 36 пəтерлі екі үй, 5 қабатты 48 пəтерлі екі тұрғын үй бой көтерген.  Алдағы уақытта Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізу мақсатында көптеген жобалар іске асырылатын болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости