«Мерген ару– 2018» жарысында Шығыс Қазақстанның қызы топ жарды

Dalanews 24 апр. 2018 11:09 907

44793 әскери бөліміне қарасты Семей қаласы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын № 5 көпбейімді-гимназиясында құрылған «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшесі Бигалиева Назерке Есенқызы дәстүрге айналған Әлия Молдағұловаға арналған қыздар арасында пневматикалық винтовка атудан жарысқа қатысты.

Аталмыш іс-шара 28-30 наурыз аралығында Ақтөбе қаласындағы № 55 мектептің базасында өткізілді. Қазақстан әскери спорттық клубтар федерациясы, дене шынықтыру және спорт комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 9 команда қатысты. Әр команданың құрамында алдын ала іріктеу сынынан өткен 5 қыздан бар.
Олар екі турдан тұратын: біріншісі - мылтықты тіреп ату, екіншісі - мылтықты еркін ұстап, тіремей ату сайыстарынан бақталасқа түсті.

Шығыс Қазақстан облысының намысын Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейімді-гимназияның «Жас қыран» командасы қорғады. Команда капитаны Бигалиева Назерке жарысқа екі жыл қатарынан қатысып, биіктен көрініп келеді.



Мәселен,
Назерке былтыр «Мерген ару-2017» атанса, биыл батыр қызымыз «Мерген ару-2018» есімін тағы да қанжығасына байлады.

Шараны ұйымдастырудың басты мақсаты — жастарға мәдени және әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін қалыптастыру, мектептерде қыздар арасында әскери-қолданбалы спорт түрін дамытуды насихаттау.

Осы тұста 44793 әскери бөлімінің командирі подполковник К.Т.Мырзағалиев пен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі Д.К.Досанбекова құттықтап, мерген аруымызға тек биіктің шыңын бағындырып, Әлия апамыздың қайсарлығын тіледі.

«Шығыс» ӨҚ баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости