Шымкентте қызғалдақ терген келіншек жауапқа тартылды

Қаракөз Амантай 07 апр. 2025 17:33 179

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы табиғи алқапта сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар қызғалдақтарды заңсыз терген Шымкент тұрғыны анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аталған әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы — сирек кездесетін және жойылу қаупі төнген өсімдіктерді заңсыз жою фактісі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталған. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, заң шеңберінде тиісті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

“Полиция табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау үшін рейдтер мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуде. Сондай-ақ алқаптарға  ескерту тақтайшалары орнатылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өз кезегінде тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салады”, – деп жауап берді Ulysmedia.kz-ке Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары табиғатты қорғау бағытында рейдтік шаралар өткізіп, әлеуметтік желілерде жарияланған материалдарға да мониторинг жүргізуде. Сонымен қатар осындай жағдайлардың алдын алу үшін алқаптарға ескерту белгілері орнатылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары қолға алынған.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды кесіп, көлігіне тиеп жатқан әйелдің видеосы тараған болатын. Бұл бейнежазба Halyqstan Telegram-арнасында жарияланып, оқиға демалыс күндері түсірілгені айтылған.


Рекомендовать
Последние новости