Шымкентте бірнеше үйге заңсыз кіріп, бағалы заттарды ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеу мәліметіне сәйкес, бес адамнан құралған топ бір ай ішінде шамамен он тұрғын үйге кіріп, тек алтын әшекейлерді ұрлаған. Олардың жалпы құны 20 миллион теңгені құраған. Күдіктілер үйге көбінесе терезе арқылы кіріп отырған.
Құқық қорғау органдары алтын бұйымдардың бір бөлігін иелеріне қайтарды. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.