Шымкентте көңіл көтеретін орындарға "крыша" болғандар ұсталды

Көркем Алдабергенова 16 июл. 2024 09:40 3750

Полиция жастар тобының қылмыстық әрекеттерін тоқтатты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Топ мүшелерін Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент және Алматы қалаларының аумағында ұстады.

Оларға қатысты көңіл көтеру мекемелеріне ықпал ету бойынша қаруды қолдана отырып, қылмыстық әрекеттер жасағаны туралы жайттар тіркелген.

Полицияға 14 адам жеткізілді, тінту шараларының нәтижесінде атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде.


Рекомендовать
Последние новости