Шымкентте балабақшаға бөлінген 8 млн қаржы жымқырылған

Қаракөз Амантай 19 дек. 2024 10:35 703

Шымкентте балабақша құрылтайшыларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіркелгендігі туралы жалған мәліметтердің енгізілгенін анықтады.

Талдау барысында мемлекет бюджетінен бөлінген 8 млн теңгеден астам сома қаражатын заңсыз пайдалану фактілері анықталды.

"Т" және "Б" жекеменшік мекемелер Білім басқармасына балабақшаға бармаған балалардың білім алып жатқандығы туралы жалған мәліметтер (өлі жандар) ұсынып, мемлекет қаражатын өз бетінше пайдаланған, - делінген Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан хабарламасында.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағандары үшін әртүрлі жазаларға тартылып, мемлекетке келтірілген залалды толығымен қайтарды.


Рекомендовать
Последние новости