Шымкентте 131 оқушы «Елбасы медалі» иегері атанды

Dalanews 26 мая 2021 04:25 981

Шымкентте 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылар білім сайыстарында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, Елбасы академиясының ұйымдастыруымен өткен «El umiti» жобасына қаладан 500-ден астам оқушы қатысып, республикалық комиссияның шешімімен 131 оқушы «Елбасы медалі» иегері атанды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бұл марапат 6 ай ішінде 7 бағытта берілген тапсырмаларды дұрыс орындаған жастарға беріледі. Бұл жобаға биылғы жылы қаладағы мектептерден 1 мыңнан астам оқушы қатысып отыр.

Бұдан бөлек, республикалық байқаулар мен олимпиадаларда 69 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді. Ал республикалық ғылыми жобалар сайыстарында – 10 оқушы жүлделі орынды иеленді. Спорттың 10 түрінен өткен республикалық сайыстарда шымкенттік оқушылар 7 рет чемпион атанды.

Оған қоса, биыл шымкенттік оқушылар республика көлемінде 250-ден астам ғылыми жоба Олимпиадасына қатысып, 55 оқушы жеңіс тұғырынан көрінген. Ал халықаралық ғылыми жобалар байқауынан 2 оқушы жүлдегер болған. Сондай-ақ, 6 білім ұйымы республика бойынша 100 «үздік» мектептің ішіне енген.

Рекомендовать
Последние новости