Шығыстағы санитарлық бақылау басқармасына 6 бірдей темір тұлпар табысталды

Dalanews 12 дек. 2022 15:21 708

Бұған дейін Үкіметбасы Әлихан Смайылов еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерінің материалдық-техникалық базасын нығайту туралы тапсырма берген. 

Осы мақсатта ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен республикалық бюджет есебінен ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне 6 бірлік автокөлік сатып алынды.

13 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Департаменттің Өскемен қалалық, Алтай, Самар, Катонқарағай, Ұлан аудандық басқармалары «Chevrolet Cobalt» маркалы жаңа автокөліктердің кілттерін алды.

Су жаңа автокөліктердің кілттерін аумақтық басқармалар басшыларына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері, 17 жылдан астам уақыт осы қызметті басқарған Валерий Саримович Якупов табыстап, жиналғандарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, халықтың игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарының істеріне табыс тілеп, ізгі лебізін білдірді.

Рекомендовать
Последние новости