Шығыстағы анитарлық-эпидемиологиялық ахуал қандай?

Dalanews 29 сент. 2023 05:17 1132

Бүгін Ақпараттық орталықта өткен баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина ағымдағы жылдың 8 айында өңірде сарып ауруының 25 жағдайы тіркелгенін айтты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,6 есеге артты, – деп хабарлайды Dalanews.kz

– Аурудың таралуы облыстың 7 өңірінде анықталды, Зайсан ауданында 8 жағдай, Тарбағатай ауданында және Өскемен қаласында 5 жағдай, Күршім ауданында 3 жағдай, Ұлан ауданында 2 жағдай және Риддер қаласы мен Глубокое ауданында 1 жағдай. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі балалар арасында сарып ауруымен ауырудың 4 жағдайы тіркелді. Жасөспірімдер арасында ауру тіркелмеген. Адамдар арасында сарып ауруының жұғуына ауыл шаруашылығы жануарлары себеп болды, бір науқас донор ретінде анықталды, – деді спикер..

Сонымен қатар, жыл басынан бері облыста Өскемен қаласында Сібір жарасының бір күдікті жағдайы тіркеліпті.

– Эпидемияға қарсы барлық қажетті іс-шаралар өткізілді. Зертханалық сараптамалардың  және теріс нәтижелердің негізінде диагноз алынып тасталды, – деп атап өтті Сәуле Слямғазина.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 8 айында облыстың емдеу-профилактикалық мекемелеріне жәндіктердің шағуынан, жануарлардың тырнауы мен сілекейінен зардап шеккен 1418 адам жүгінген.


– Барлық зардап шеккендерге антирабиялық егу курсы тағайындалып, 3 жағдайда азаматтар иммундаудан бас тартса, 1 жағдайда профилактикалық егулерді өз бетінше алуды тоқтатты, – деп қосты ШҚО СЭБД басшысының орынбасары.

Облыстың барлық аудандары мен қалаларында жыл сайын "қауіптілер топтары" контингентіне құтыруға қарсы жоспарлы профилактикалық иммундау жүргізіледі, 2023 жылдың ағымдағы кезеңінде 274 адам егілді.

Ал ветеринарлардың мәліметінше, жыл басынан бері ШҚО бойынша құтыру ауруының 5 ошағы тіркелген. Бұл жағдайларда шектеу шаралары енгізілді.

– Жабайы етқоректілер аурудың көзі болып табылады. Жергілікті аңшылардың көмегшімен жабайы түлкі ұсталып, оның етін зертханада жасалған сараптама нәтижесінде түлкіден құтыру ауруын анықтады.  Наурыз айында Катонқарағай ауданында ұсақ тұяқтыларда шешек ауруының 3 ошағы тіркелді. Бұл ошақтардағы 8500 бас жануарларға вакцина егілді, мәжбүрлі және қорытынды дезинфекция жүргізілді, – деді мамандар.

Рекомендовать
Последние новости