Статидің жеңісі Байбектің былықтарын әшкере қылады

Dalanews 02 окт. 2023 05:30 1707

Статидің жеңісі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев пен Назарбаевтың кластасының баласы Бауыржан Байбектің жағдайын нашарлатуы әбден мүмкін. Бекетаев-Байбек тандемі "Стати ісі" бойынша мемлекет мүлкін талан-таражға салды деп айыпталуы мүмкін, – деп хабарлайды Dala Inside.

Әкелі-балалы Статилер иелік ететін ASCOM Group жағдайы тым мүшкіл. Соңғы 2 жылда компания 50 миллиондай шығынға батқан. Молдоваға салық берешегі көбейіп кеткендіктен, оның мемлекеттік органдармен арасы суып жатқаны да жасырын емес.

Бірақ бұл жағдайдан оларды Қазақстан құтқарып қалмақ.

Швеция соты Стати пайдасына 76 миллион доллар, ал Гибралтар соты 2 миллион доллар кесіп берді.

Енді ол ақшаны Қазақстан тез арада Статиге төлеуі тиіс. Бұл жағдайда Анатоли Стати өз қарыздарын жауып, жағдайын түзей алады.

Қазақстан Стати ісінен 1 миллиард доллар жоғалтуы мүмкін. Еліміз қазірдің өзінде 500 миллион доллар болатын өтемақы төлеуді кейінге қалдыру үшін сот шығындарына 300 миллион долларын жұмсады. Бұған қоса, 500 миллион долларға проценттер жүріп жатыр.


Анатоли Стати «Біз Қазақстаннан өтемақыны асықпай, бірақ сенімді түрде өндіртіп жатырмыз. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанның 1 миллиард доллардың жартысын төлеп құтылатын мүмкіндігі болып еді. Бірақ осы қомақты шығындардан жеке пайда көргендер басқаша шешім қабылдады», – деп отыр.

Стати ісін тыныш жасырып қойып, архивке жібере салу мүмкін емес. Кейін осы қателіктер үшін бәрінен жауап сұралатын болады. 1 миллиард доллар оңай ақша деп айта алмаймыз.

Рекомендовать
Последние новости