Шығыста үш жыл ішінде 3,7 мың мұғалім біліктілігін арттырады

Dalanews 23 нояб. 2019 12:30 725

ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыстағы білім беру саласындағы жобалардың нәтижесі туралы айтты. 

"Көптілділік заман талабы. Ал жоғары білім алу үшін өзің ұнатқан мамандықты таңдау аса маңызды. Дұрыс мамандықты таңдау бүгінгі толқынның арасындағы қабілеттілікті арттырудың бірден-бір жолы", – дейді Ахметов.

Білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың орны ерекше. Білікті ұстаз білімді шәкірт тәрбиелейді.

Ал үштілділік бағдарламасы аясында облыста 3,5 мың тіл маманы біліктілікті арттыру курсынан өткен.


Қазақ және ағылшын тілдерінде жарық көрген 450 мыңнан астам жаңа оқулықтар сатып алынған.

"Нәтижесінде педагогтардың әдістемелік құралды меңгеру деңгейі 14%-дан 80%-ғадейін өсті. Ал білім сапасы 20%-ға артты.


Биыл көптілділікті дамыту бағдарламасы аясында француз және неміс тілдерін оқыту қолға алынды. Алдағы үш жыл ішінде 3,7 мың мұғалім біліктілігін арттырады", – деді ШҚО әкімі.

Ал робот техника, мехатроника және программалау пәндерінен сабақ беру үшін 1127 мұғалім “ІТ маман” курсынан өткен. Бұл өз кезегінде жаратылыстану және ғылыми бағытағы білім көрсеткішін 44%-тен 66%-ке арттыруға мүмкіндік берді.

"Ауыл мен қаладағы білім сапасының көрсеткішін теңестіруге күш салуымыз керек. Ауыл балаларының барлығы ІТ бағдарламаларды меңгеруге қол жеткізді, – деді Даниал Ахметов ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Рекомендовать
Последние новости