Шығыста алғаш рет ауыл әкімдерінің республикалық форумы өтті

Dalanews 28 сент. 2017 15:36 968

Шығыс Қазақстанда түңғыш рет ауыл әкімдерінің республикалық форумы өтті. Ортаға салынған өзекті тақырып – «Жергілікті өзін-өзі басқаруға дербес бюджетті және коммуналдық меншікті енгізу».



Форум жұмысына ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ШҚО әкімі Даниал Ахметов, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысты. Сондай-ақ, Шығыс пен Павлодар өңірлерінен 500 аса аудандық маңыздағы қала, ауыл, кент пен ауылдық округтердегі жергілікті атқарушы органдарының өкілдері келді.

2018 жылғы қаңтардың бірінен бастап республикадағы елді-мекендерді қаржыландыру үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін сатылай енгізу басталады.

– Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуымыз керек. Маңызды сұрақтарды шешуде тұрғындар етене атсалысып, билік олардың пікірлеріне құлақ асуы тиіс. Сонда ғана сенім пайда болады. Бірақ, қаражатты дұрыс және тиімді жұмсау үшін әкімдердің білігі мен білім басқа деңгейде болуы қажет, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Ауыл тұрғындарының салығының дені бұдан былай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге, абаттандыру, көгалдандыру, жергілікті жолдың жағдайын жақсарту сияқты маңызды мәселелерге жұмсалады. Бұл ретте форумда қаражатты жұмсау бағытын нақтылауға ауыл тұрғындары да білек сыбана кірісулері керектігі ерекше атап өтілді.



ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости