Шығыста алдағы 5 жылда қосымша 23 учаскелік пункт салынады – полиция полковнигі

Dalanews 20 дек. 2021 15:32 800

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының полиция бөлімінде жеке құраммен полицияның сервистік моделін түсіндіру бойынша кездесу өткізілді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ренат Унарбеков Көкпекті ауданының Көкпекті ауылына жұмыс сапары барысында полиция бөлімінің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында полиция полковнигі Ренат Унарбеков жеке құрамға полицияның сервистік моделінің негізгі бағыттары туралы жеткізді.

Қазіргі уақытта облыста материалдық-техникалық құралдармен, оның ішінде қазіргі заманғы техникамен жарақтандырылған 7 модульдік бекет пайдалануға берілді, бұл келіп түсетін сигналдарға неғұрлым жедел ден қоюға және құқық бұзушылықтардың уақтылы жолын кесуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, 5 жыл ішінде өңірде қосымша тағы 23 учаскелік пункт салынады, бұл халық үшін қолайлы жағдай туғызады. Ағымдағы жылы учаскелік инспекторларға 20 қызметтік автокөлік бөлінді.



Сонымен қатар, Департамент бастығының орынбасары сервистік полицияның жұмысын бағалау - құқық бұзушылықтарды анықтау емес, жолын кесу, көмек көрсетуге дайын болу және қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу үшін халықпен сенімді қарым-қатынас орнату екенін атап өтті.

Осыған байланысты жеке құраммен зерделенген және қызметтік қажеттілікте пайдаланылатын жадынама әзірленді.

Рекомендовать
Последние новости