Шығыста 77 жалған кәсіпорын әшкере болды

Dalanews 19 июл. 2016 08:36 929

ШҚО аумағында «жалған кәсіпкерлікпен» айналысқан 77, өзге аймақтарда тағы 17 жалған кәсіпорын тіркелгені анықталып, әшкере болды. Аталған жалған мекемелер заңсыз қызметінің салдарынан мемлекетке 4 302 394, 6 мың теңгеге залал тигізіп үлгерген.  

Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Талғат Колмыкпаев мәлімдеді. Аталған жұмысоблыстың прокуратура орындарымен бірлескен жұмыстар нәтижесінде 2015 жылы және 2016 жылдың 6 айы ішінде жалған кәсіпкерлік қызметін анықтау және бұлтартпау бойынша атқарылған жұмыс барысында анықталған.

– Жалған кәсіпорындардың негізгі мақсаты, олар белгілі мекемелермен келісімшарт құра отырып, салықтан жалтарғысы келеді. Ірі кәсіпорын болып тіркелген күннің өзінде, құжатта тек саусақпен санарлық жұмысшысының санын көрсетеді. Бұның барлығы сол жұмыстардың барысында анықталды, – деп атап өтті Талғат Колмыкпаев.

Айта кетсек, 94 жалған кәсіпорынның 77-сі облыс аумағында орналасса, қалған 17 мекемені шығысқазақстандық азаматтар өзге аймақтарда тіркеп, басқарып отырған. Жалпы сомасы 829 297,9 мың теңгеге ҚҚС және КТС бойынша ҚСЕН ұсыну жолы арқылы 320 контрагенттермен жалған кәсіпкерлікпен азара есеп айырысуды шығару жүргізілген, олардың ішінде ҚҚС және КТС бойынша 323 379,9 мың теңге өндірілді, соның ішінде төлем құжатымен – 267 938,7 мың теңге.

 

"ҚмД" ақпарат

Рекомендовать
Последние новости