Шығыс Қазақстанда «Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Dalanews 11 нояб. 2021 12:03 780

2021 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстанда қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау мақсатында «Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары – ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялары, облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері, құрылымдық бөлімшелер, ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің күштері мен құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да министрліктері мен ведомстволары қатысады. Оқу-жаттығудың басшысы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков.​ ​

Оқу-жаттығу екі кезеңде өтеді. Біріншісі кіріспе жұмысын қамтиды.​ ШҚО ТЖ департаментінің дағдарыс орталығында республикалық оқу-жаттығу штабы ашылды. Штаб отырысында жедел топ басшыларының баяндамалары, республикалық қызметтер бастықтарының есептері тыңдалды.​ Штабтық жаттығу АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындыққа келтіру, осы жағдайды басқаруды, жинауды, жинақтауды және талдауды ұйымдастыру, сондай-ақ қысқы күрделі метеорологиялық жағдайдың салдарын жоюға шешім қабылдау және құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жүйелі пысықтаумен өткізілді.

Жергілікті басқару органдары, ТЖ жөніндегі комиссия, АҚ қызметі осы жағдайға талдау жүргізді, төтенше жағдайлардың туындау қатерін жою бойынша шешімдер қабылдау және күштердің іс-қимыл нұсқаларын жоспарлау үшін ұсыныстар дайындады.

Оқу-жаттығудың бірінші кезеңі шеңберінде 11 қарашада өңірде теле-радиоарналарға қосылу және электросиреналарды іске қосумен құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізілді.​

«Қыс-2021» РКШОЖ екінші кезеңі - оқу орындарында авариялық-құтқару жұмыстары іс жүзінде пысықталады.

Рекомендовать
Последние новости