Шығыс Қазақстан медиациналық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орында

Dalanews 26 нояб. 2016 03:05 783

ШҚО медиациналық келісімшартқа келу көрсеткіші бойынша Республика көлемінде алдыңғы орынан көрінуде. Республика бойынша жалпы қаралған медиациялық келісімшартқа келу көрсеткіші бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы соттарымен ағымдағы жылдың 10 айының ішінде әкімшілік істердің 50 %, азаматтық істердің 30 % және қылмыстық істердің  19 %-н қамтып отыр.

Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ШҚО сотының төрағасы Досжан Әміров айтып өткендей, әлі де медиация заңының қолданылу аясы кеңейе түспек.

– Ағымдағы жылдың басында жергілікті билік органдарымен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өңірлік хатшылығымен, құқық қорғау органдары және медиация орталықтары өзара меморандумға қол қойған. Нәтижесінде республика бойынша тұңғыш Медиацина орталығы Өскемен қаласында ашылды. Қазіргі таңда «Медиация» заңының қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде, – деді Досжан Әміров.

Сондай-ақ, облыстық соттың төрағасы аталған көрсеткіштер сот саласының елдің елдігі мен халықтың бірлігіне қосқан үлесі екендігін жеткізді.

"ҚмД" ақпарат

Рекомендовать
Последние новости