Шевронның таза кірісі 81 пайызға өсті

Dalanews 23 нояб. 2018 05:21 865

Сарапшылар компания табысының артуын мұнай бағасының өсімімен байланыстырып отыр.

Биылғы жылғы үш тоқсанның қорытындысында Шевронның түсімі $124 млрдты құрады. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, 19% артық деп хабарлайды Halyk Finance.

Мұнай сатудан және басқа операциялық табыстан түскен түсімнің басым бөлігі (96%) 21% өскен. Сегменттік кесіндімен алатын болсақ, компания өзінің Upstream-дағы (шикі мұнайды өндіру және сату) табысын 3,5 есе арттырып, $10 млрдқа жеткізген, олардың $7,7 млрд АҚШ-тан тыс жердегі жобалардан алынды.

Ал Downstream-да (мұнайды өңдеу, мұнай өнімдерін сату), керісінше, түсімнің 25% төмендегені байқалады, $2,9 млрд-қа дейін төмендеген.


Атап айтарлығы нақты көлемдер бойынша сатылымның өсімі 5% аспайды.

Өндірістік шығындардың құрамында шикі мұнай мен өңдеу өнімдерін сатып алуға жұмсалған қаржының өсуі байқалады (+29%-дан) $71 млрд-қа дейін, мұны есептік мерзімде мұнай бағасының неғұрлым жоғары болуымен түсіндіруге болады. 

Есептік мерзімдегі таза кіріс $11 млрд-тан асты, сөйтіп, 81% өсімді көрсетті.

2018 жылғы үшінші тоқсанның соңында компанияның ақшалай позициясы жылдың басынан бері 2 есе нығайып, $9,7 млрдты құраса, қарыз деңгейі $36,1 млрдқа тең болды.


«Біздің ойымызша, 2018 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша түсімнің елеулі өсуі есептік мерзімде мұнай бағасы қолайлы болғандықтан негізді», – деп атап өтті Halyk Finance-дағылар.

Осыған байланысты сарапшылар ағымдағы нәтижелерден тосынсый көріп отырған жоқ. Сондықтан бұл жаңалықты бейтарап ақпарат ретінде қабылдауда.

Шевронның жыл соңындағы нәтижесіне болжам жасаған Halyk Finance алдағы 12 айда да компанияның әр акциясын $151 мақсатты бағамен сатып алу жөніндегі ұсынысын сақтап қалмақ.

Рекомендовать
Последние новости