“Шеврон” компаниясы және “Аяла” қайырымдылық қорының жобалары жалғасын табуда

Dalanews 03 июл. 2018 08:39 804

«Шеврон» компа­ния­сы мен «Аяла» қайы­рымдық қоры бірнеше жыл бойына жемісті жобаларды жүзеге асырып келеді.

Екі тараптың арасындағы әріптестік биыл да жалғасын тауып Алматыдағы Перина­тал­дық орта­лығына аса қа­жетті құрылғы сатып алынды.

«Гипотермия» аппараты және электроэнцефалограф құрылғысының адамның өмірін сақтап қалудағы маңызы аса зор. Осынау медициналық құрылғылардың көме­гімен терапевтік гипотермияның екі са­ласын өткізуге болады екен.



Айталық, осы құрылғымен науқастың дене қызуын төмендетуге болады. Бұдан сырт гипотермия аппаратын қолдану балалардың ауруы мен бала өлімін төмендетіп, соның ішінде неонатология сатысындағы патологиялық жағдайлар­дың 48 пайызы тіркелетін гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия көрсеткі­шін азайтуға көмектеседі.

Дәрігерлердің айтуынша, өткір перинаталды асфиксия кезінде көп жағдайда сәбилерде кездесетін гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатияның 20 пайызы өлімге апаруы мүмкін екен. Ал 30 пайызы жүйке-психикалық ауруға тап болуы ғажап емес. Егер де жаңа туған балада ГИЭ-нің ауыр формасы болса, ендеше 60 пайызы өліп кетуі мүмкін. Тірі қалған жағдайда мүгедек болып қалады.

Алматы қаласындағы Перинаталды орталық директоры Мәдина Шәріпбаеваның айтуына қарағанда, бүгінгі таңда орталықта жыл сайын сегіз мыңға жуық әйел босанады. Ал сәбилердің 15 пайызы тым ерте туылғандар.

“Шеврон” компаниясының қаржылай көмегімен сатып алынған осынау медициналық құралдардың арқасында дәрігерлер нәрестелердің өмірін сақтап қалуға мүмкінді алды” дейді ол.


«Шеврон» компа­ния­сы мен «Аяла» қайы­рымдық қорының атқарған жұмыстары мұнымен шектелмейді.

Күні кеше қалалық №2 арнайы әлеу­меттік қызмет көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қауіпсіз алаң ашылғанын айта кетелік.

Сонымен қатар клиникалық «Алатау» балалар шипа­жайына өкпе көлемін кеңейтуге арнал­ған Spіro Tіger тыныс алуды жаттықтырғыш сыйға тартылды.

Өз кезегінде есту қабілеті нашар балаларға арналған №1 мектеп-интернатында тәрбиеленіп жатқан құлағы нашар еститін балалар да робот-конструкторларға ие болды


«Шеврон» мен «Аяла» әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балала­рына арналған Алматыдағы №17 мектеп-интернатының оқушыларына да өз септігін тигізіп жатыр.

Бұдан былай интернаттағы ұл балалар ағаш ұстасы болып, темірден түйін түйген дәнекерлеуші маман да болып шығатын болды. Мектеп-интер­натының балалары тек білім алып қана қоймай, өмірге қажетті, өздеріне қажет­ті қосалқы бір мамандықты игеріп шығуға мүмкіндік алды. Бұдан сырт, қыз балалар үшін тігін шеберханасы ашылды.

«Шеврон» компа­ния­сы мен «Аяла» қайы­рымдық қорының шарапатына бөленген мекемелердің қуаны­шында шек жоқ. «Аяла» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейме­нова, «Шеврон» компаниясының өкілі Жанар Қошпанова, «Аяла» қайырым­дылық қорының өкілі Динара Мұратова сөз сөйлеп, әлі де байланыста болатын­дарын айтса, №17 мектеп-интернаты­ның басшысы Серік Қалиев демеуші­лерге деген алғысын білдірді.

Рекомендовать
Последние новости