Шетпелік спортшылар топ жарды

Dalanews 26 февр. 2021 12:17 1085

18-21 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында дзюдан Қазақстан чемипонатында шетпелік қос спортшы жеңімпаз атанды, – деп Dalanews.kz  хабарлайды Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар Шоқыр Бөлтекұлы атындағы спорт мектебінің шәкірттері дзюдошы Қанат Әбітұлы мен Гір спортынан өнер көрсеткен Бүркітбай Дархан.

Ел біріншілігінде қарсыластарын басып озған маңғыстаулық спортшылар Қанат Әбітұлы мен Дархан Бүркітбай кәсібилігімен қатар техникалық шеберліктерін де паш етті.

Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында гір спортының ұзын циклы бойынша жеңіс тұғырынан көрінген 73 келі салмақтағы Дарханның бапкері Нартай Алтыбаев болса, Қанатты дзюдо спортына жастайынан баулыған жаттықтырушысы Жанғали Нұрдәулетов.

Айта кетейік, байрақты бәсекеде өңір намысын қорғаған шетпелік жас спортшылар жыл сайын облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, бірнеше мәрте жеңімпаз атанып жүр.

Рекомендовать
Последние новости