Алматы облысында 112 білім ордасының лицензиясы қайта рәсімделді

Dalanews 26 февр. 2021 14:34 912

Ұлт даналығында «білім таусылмайтын кен» деп оқудың айшықты орнын айқындап бергені белгілі. Бүгінгі күні аталған байлықты еселейтін, есті ұрпақты білім нәрімен сусындатар оқу ордалары жетерлік. Жастардың қатантын кеңге жаюына ықпал етер білім ошақтарының мойнындағы жүгі ауыр. Санмыңдаған бөбектің бойына білімнің дәнегін егу оңай іс емес. Іргелі оқу орындары бұл істі бұлжытпай  орындап жатқанымен, нысанадан мүлт кетпеуді қадағалау үшін Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті  бақылау жүргізуін тоқтатқан емес.

Жоғары да атлған департамент жұмысының маңызды бағыттарының бірі, мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің жұмысы болып табылады.

Лицензиялау бөлімі 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бірінішісі, білім беру қызметіне лицензия беру – екіншісі, білім туралы құжаттарға апостиль қою.

Айта кетейік, лицензиялау «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры арқылы толығымен электрондық форматта жүзеге асырылады.

2020 жылы барлығы 264 өтініш түскен. Олардың 55-і өтініш берушілер тарапынан қайтарылып алынған. 205 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

2021 жылдың басынан департаменке 134 өтініш келіп түсті, 18-і кері қайтарылып алынған. 4 өтінім әлі де қаралу үстінде, 112 қайта рәсімделген жайы бар. 1 лицензия беріліп, 4 лицензияға қосымша беруге бас тартылған екен. .

– Лицензия және лицензияға қосымша беруден бас тартудың жоғары пайызы өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты болды, – дейді Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Айымгүл Құлахметова.


Алматы облысында 760 мемлекеттік және 18 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарының атауларының өзгеруіне байланысты ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабына сәйкес олардың лицензиялары қайта ресімделуі тиіс.

Ағымдағы жылдың 25 ақпанына Алакөл, Панфилов аудандары мен Текелі қаласының мектептерінің 112 лицензиясы мен лицензияға қосымшасы қайта рәсімделген. Қазіргі уақытта Ақсу ауданы мектептерінің лицензияларын қайта рәсімдеу басталды.

Спикердің айтуынша, 2020 жылы облыстың 15 колледжі 28 мамандық, 34 біліктілік бойынша лицензияға қосымшаларды өз еркімен қайтарып алған. Екі колледж оқу орнын жабу туралы шешім қабылданыпты.

Департаменттің тағы бір мемлекеттік қызметі апостиль қою – Қазақстан аумағында берілген білім беру құжатының түпнұсқалығын растау құқығы болып табылады.

2020 жылы білім туралы 228 құжатқа апостиль қойылса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 46 көрсетіп отыр. Былтыр  білім туралы 18 құжатқа апостиль қоюдан бас тартылса, 2021 жылы бұл сан 4-ті көрсетіп отыр. Біліктілікті растайтын бұл құжаттарды айқындау арқылы білім саласының үзіктері мен жас білімгерлер өздерін шет мемлекетте шыңдауға мүмкіндік алатын болады.

Рекомендовать
Последние новости