Шерзаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді

Көркем Алдабергенова 12 дек. 2024 11:22 6047

Марқұм Шерзат Болаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлайды Dalanews.kz Bugin.kz порталына сілтеп.

Бұл туралы марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айбек Амангелді мәлімдеді. 

“Біз отбасыны басқа аймаққа ауыстырдық. Қазір отбасы жаңа үйде, қауіпсіз жерге көшірілді. Біз бұл ақпаратты жарияламаған едік. Нақты қай жерге көшірілгенін айтпаймыз, бұл - жариялауға жатпайтын ақпарат”,  – деді Айтбек Амангелді.

 

 

Құқық қорғаушылар әкімдікке наразы екенін жеткізді. Олардың ерсі әрекеттері Қаржаубай Нұрымовты да таң қалдырыпты. Бұл туралы Қаржаубайдың отбасылық адвокаты айтты. 

“Әкімдік үй беру бойынша ұсыныс жасаған болатын. Сол жерде үй салып береміз деген еді. Алайда өртенген үйдің орнын тазалау жұмыстары бойынша да көмек көрсеткен жоқ. Тіпті әкімдіктен келіп, Қаржаубайдың көмектен бас тартатыны туралы айтқанын видеоға жазып аламыз деген. Қаржаубай бұл жағдайды түсінбей, ешнәрсе қажет емес екенін жеткізді”, – деді адвокаты Саида Тәуекелова.

Бұған дейін Шерзаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылмағанын жазған едік. Шерзат Болаттың отбасының адвокаты Саида Тәукелева үйді өртеген күдіктілердің әлі күнге дейін анықталмағанын жеткізді.

“Біз облыс прокурорымен кездестік, ол тергеу барысы жайлы толық ақпарат берді. Оның айтуынша, іс аяқталуға жақын, себебі қажетті сараптамалар мен процедуралар орындалған. Дегенмен әзірге күдіктілер анықталған жоқ. Тергеу барысында үлкен жұмыс атқарылғанын айтты, бірақ нәтиже жоқ,” – деді адвокат.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осы жағдайдан кейін төбелес басталған.


Рекомендовать
Последние новости