Шерзаттың өліміне қатысты іс: жаңа деректер айтылды

Сағыныш Сардарова 31 окт. 2024 17:02 3093

Шерзаттың ісіне қатысты сараптамалардың үшеуі аяқталып, құқық қорғау органдарына берілген. 16 жастағы Шерзаттың өлімі мен үйдің өртенуі туралы іс бойынша бес сараптама тағайындалған, - деп хабарлайды Dalanews.kz Qaz365.kz-ке сілтеп.

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, бес сот-медициналық сараптама тағайындалған: мәйіт сараптамасы, өрт себептерін анықтау сараптамасы, фототехникалық сараптама, молекулалық-генетикалық сараптама және биологиялық сараптама.

Осы сараптамалардың үшеуі аяқталып, құқық қорғау органдарына берілген. Қалғандары зерттеу процесінде. Талғат Уәли толық ақпаратты тек Ішкі істер министрлігінен алуға болатынын хабарлады.

Сондай-ақ, сараптама барысында қандай да бір қарудың тәркіленгенін хабарлауға құқығы жоқ екенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Талғардағы оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды.

Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.


Рекомендовать
Последние новости