Шерзаттың әкесін қамауға алу туралы үкім өзгеріссіз қалды

Көркем Алдабергенова 13 дек. 2024 17:03 1847

Апелляциялық сот Шерзаттың әкесіне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаттары шағымтүсіріп, жеңілдететін факторларды ескерудісұраған.

"Нұрымов Қ. - кәмелетке толмаған 4 баланың әкесі, отбасының жалғыз асыраушысы, үйде қарт ата-анасы, жұбайы, кәмелетке толмаған балалары қалды", - деп жазылған адвокаттардың шағымында.

Олар сот шешімінің күшін жоюды талап етті.

Еске салайық, Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Полиция мәліметінше, 10 желтоқсанда Нұрымов бұзақылық және көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау фактісі бойынша ұсталды. Ол қоғамдық орында және полиция қызметкерлеріне қарсы дөрекі сөз сөйледі, оларды пышақпен қорқытты, сонымен қатар басқа біреудің мүлкіне қасақана зақым келтірді, атап айтқанда, көлікті пышақпен сырып, дөңгелекті тесіп тастаған. 

Іс-әрекетке тоқтамай, айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қауіп төндіре отырып, қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзды. Бұзақылық фактісі бойынша сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды тағайындады.

Сонымен қатар, полиция бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеді.

10 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында орын алған құқыққа қарсы іс-қимыл нәтижесінде автокөлік иесіне материалдық залал келтірілгені анықталды, бұл әкімшілік жауапкершілік шегінен едәуір асып, іс-әрекеттің қылмыстық саралануына әкеп соғады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар,полиция жазаның бұлтартпаушылығы және Заң мен тәртіпті сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, полиция құқық бұзушылықтардың барлық фактілерін, оларды кім жасағанына қарамастан, елдегі заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі болып табылатын бейтарап тергеуге міндетті екенін атап өтті.  


Рекомендовать
Последние новости