Шерзатты өлтірген күдіктілер қай баптар бойынша жауап береді?

Көркем Алдабергенова 28 окт. 2024 09:47 56019

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Қылмыстық істер мына баптар бойынша жүргізіліп жатыр:

  • Алматы облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі
    (адам өлтіру),
  • 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық),
  • 115-бабы (қорқыту),
  • 432-бабы (қылмысты жасырып қалу)
  • 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.

Қазіргі танда қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынды.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осы жағдайдан кейін төбелес басталған.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 7 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Ал 15 қазанда Ішкі істер вице-министрі тағы үш күдіктіні ұстағанын мәлім етті.

Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен кейін қанша қару тәркіленгенін айтты.

Одан кейін Шерзаттың үйіне күзет қойылды.

Көп ұзамай марқұм Шерзаттың үйі өртенді.


Рекомендовать
Последние новости