Шерзат Болаттың әкесіне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы олардың адвокаты Асқар Қаймақов хабарлады. Оның мәліметінше, полиция Қаржаубай Нұрымовқа қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастаған.
Одан бөлек, адвокат Талғар ісі бойынша бірнеше мәлімдеме жасады:
- Адвокаттар полиция айтқандай тәртіп сақшыларынан Қаржаубайды ұстауды сұрамаған;
- Марқұм Нұрқанаттың туыстары оның жеке хат-хабарын жариялауға келісім бермеген екен.
Асқар Қаймақов Қаржаубай Нұрымовты 15 тәулікке қамау туралы сот шешімін заңсыз деп санайтынын атап өтті. Оның пікірінше, сот тарапынан өрескел заңбұзушылықтар болған. Олар апелляциялық тәртіппен шағымданған.
Еске салайық, күні кеше, 11 желтоқсанда Шерзат Болаттың әкесі қамауға алынғаны белгілі болды.
Ресми дерек бойынша, ол қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Одан бөлек, Шерзаттың тағы бірнеше туысы қамауға алынды. Оның ішінде:
Еңбекшіқазақ аудандық соты әкімшілік іс жүргізу тәртібімен істерді қарау нәтижелері бойынша Салтанат Нұрымова ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 488- бабының 8-бөлімі.) азаматтығы жоқ адам жасаған, азаматша Бақыт Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен ҚР шегінен шығарып жіберілді.