Шерзат Болаттың әкесі бір күдіктіге кешірім берді

Көркем Алдабергенова 11 апр. 2025 15:41 819

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов кәмелетке толмаған күдіктіге кешірім бергенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайдың Elmenbirge бағдарламасында мәлімдеді.

"Ол бала жайында мен басында да айтқанмын, қазір де айтамын: кәмелетке толмаған баланың өміріне балта шапқым келмейді", деді Нұрымов.

Журналисттің "сол жасөспірімге кешірім беруіңіз мүмкін бе?" деген сұрағына Шерзаттың әкесі:

"Мен ол балаға кешірімді сол кезде де бергенмін, қазір де кешірім беремін", деп жауап берді.

Еске сала кетейік, 10 сәуірде Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі басталды.

Сотта прокурор күдіктілердің есімдерін атады:

Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы

Сакиев Равил Магомедович

Белғожаев Шыңғыс Айдосұлы

Азкентай Дархан Байылханұлы

Тоқтаубаев Нұрбол Мұратбекұлы

Ілиясов Нұрқияс Төлекбекұлы

Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы

Қалиахмет Дидар Еркінұлы

Ысқақ Думан Қайдарұлы

Келесі сот отырысы 17 сәуірге жоспарланған.


Рекомендовать
Последние новости