Шенеуніктер Түркістандағы шегірткелерді жаңа тәсілмен өлтіріп жатыр

Қаракөз Амантай 21 мая 2024 10:08 2027

Түркістан облысы алқаптардағы шегірткелерді дрон арқылы өлтіріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дереккөзге сүйенсек, облыс алқаптарында марокко шегірткелеріне қарсы өңдеу шаралары қабылданып жатыр. Тазаланған 252 мың гектар жердің 1,4 мың гектарына арнайы дрондар қолданылған. Техника бір сағатта 18 гектар жерді қамти алады, ауадағы жұмыс уақыты 15-17 минут.

“Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин шегірткемен күресу бойынша дәрі-дәрмек жеткізу мен сақтаудан бастап, өңдеуге дейінгі барлық қызмет түрлерін көрсететін мердігерлермен сөйлесті. Жұмыс барысымен танысып, тиісті тапсырмалар берді”, - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

 Бұл тәсіл Түркістан облысында пилоттық жоба түрінде сынақтан өтуде. Келесі жылы республика бойынша шегірткеге қарсы күрес қызметтерін сатып алуды орталықтандырылған бірыңғай жүйеге көшіру жоспарланған.


Рекомендовать
Последние новости