Шардара ауданында киелі жерлер халық арасында кеңінен насихатталуда

Dalanews 06 нояб. 2018 04:24 1950

Шардара ауданында киелі орындарды насихттау мақсатында қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде арнайы кітап шығарылды. Бұл туындыны аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханалардың бәріне тартылып берілген.

Сонымен қатар ауданда «Аңыздар жинағына» кіргізу мақсатында  киелі орындар тарихы, аңызы туралы мәліметер талқыланып, жыл соңына дейін ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Тізімге еңгізілмей қалған Шардара ауданындағы  Ұзыната тарихи – сәулеттік ескерткішінің жанында жерленген «Жезбике ана», Шардара қаласындағы «Мүлкіл ата» қорымының  батыс жағында жерленген «Қыз әулие» туралы деректер облыстық тарихи-өлке тану музейіне берілді.

Киелі жерлер арқылы құндылықтарды насихаттау, жастардың бойына тәлім –тәрбие, мінез-құлық, көзқарас, ұстаным қалыптастыру мақсатында аудандағы киелі жерлер мен тарихи-өлке тану музейіне аудан жастары мен мектеп оқушыларына экскурциялар ұйымдастыру тұрақты басшылыққа алынды.

Шардара қаласына кіре берісте, қала ішіне киелі орындарды, туристік нысандарды көрсету үшін арнайы үлгідегі карталар орнатылған.

Аудандағы кітапханаларда «Жаушықұм төбе – тұңған тарих», «Ақтөбе» қалашығы атты танымдық кештер тұрақты өткізілуде. Ұзыната ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қыркүйек айында «Алыстан мұнартқан кесене» атты тарихи саяхат, Сүткент қалашығы жайлы «Көне тарих іздері» атты дөңгелек үстел өтті.

Үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап, қазіргі таңға дейін  Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейінде де «Туған жер» бағдарламасы аясында 60-эскурсия өткізіліп, келушілерге дәрістер оқылған. Сонымен қатар музейге қойылған 5-көрме  және музейден тыс ұйымдастырылған 6-көрме «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала шеңберіндегі «Туған жер» бағдарламасы жобасы бойынша жүзеге асырылды.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости