Шардарадағы «Ұзыната кесенесі» аудан қарауына алынуда

Dalanews 07 нояб. 2018 04:21 1684

Шарадара ауданында «Тарихи мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде тарихи-мәдени ескерткіштерді күтіп, баптау жұмыстары жүйелі түрде жүріп келеді. Сонымен қатар тарихмыздан сыр шертетін тарихаи ескерткіштер арқылы жастардың бойында отаншылдық рухын ояту бағытында да қыруар жұмыстар қолға алынғанын атап айтуға болады.



«Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығы тарапынан бекітілген 104 тарих және мәдениет ескерткіштерінің ішінде ХІV ғасырдың тарихи сәулеттік екерткіші болып саналатын Ұзыната кесенесі енген болатын. Сонымен қатар Шарадара ауданында  І-Х ғасырлардағы Сүткент қалашығының орны бар. Ол Шардара ауданы Сүткент ауылдық округінен 2 шақырымда батыста орналасқан. Археологиялық үйінді төбе. Белгі қойылған, нақты пайдаланушы жоқ.

ХІV ғасырдың сәулет ескерткіші саналатын Ұзыната кесенесі Шардара ауданы Ұзыната ауылынан 4 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан. Ұзыната кесенесіне жол сілтегіш, асфальт жол, су, электр энергиясы тартылған. Қызмет көрсету жүйесі (қонақ үй, асхана) – «Ұзыната» қоғамдық қоры арқылы жүргізілуде. Ұзыната кесенесін республикалық  маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізу мақсатында ғылыми сараптама жүргізуге  облыстық бюджеттен 2018 жылға 300,0 мың теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда иесіз мүлік ретінде аудандық әділет басқармасында тіркеуде тұрған  Ұзыната кесенесін ауданның коммуналдық меншігіне алу мақсатында тиісті құжаттары жинақталып, аудандық сотқа өткізілді. 2018 жылдың қаңтар айының аяғына дейін сот шешімі шығып, ауданның коммуналдық меншігіне өткізіліп, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Рекомендовать
Последние новости