Шағын бизнесті міндетті мүшелік жарнадан босату керек — Президент

Dalanews 08 февр. 2022 08:59 792

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнесті міндетті мүшелік жарнадан босату туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Атамекен» ҰКП-ны реформалау кезінде оның функционалдығын шағын бизнесті қорғауға бағыттау керек екенін айтты.

"Әңгіме комиссиялар, монополист операторлардың, түрлі делдалдың, қажетсіз агенттердің тарифтері туралы болып отыр. Енді бұл қызметтерді кім төлейді? Әрине, тұтынушы төлейді. Бұл жағдайлар қабылданған заңдар мен қаулылардың кесірінен болып отыр. Бұл жерде мемлекеттік органдар қоғам мүддесін емес, жекелеген компаниялардың мүддесін басшылыққа алатындай құқықтық актілер жатыр. Қазақстандықтардың өзіне жұмсай алатын қаражаты осы компаниялардың қалтасына түседі", – деді президент.

Мемлекет басшысы Үкіметке осы мәселеге барынша назар аударуды және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, әр жағдайды зерттеп, оларды түзетудің нақты шешімін ұсынуды тапсырды.

"Бүгінде отандық бизнесте шағын компаниялардың үлесі 90%-дан асады. Палатаны реформалау кезінде оның функциясы шағын кәсіпкерлікті қолдауға, қорғауға және дамытуға көбірек бағытталуы керек. Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілерін міндетті мүшелік жарналардан босату қажет", – деді Тоқаев.

 

Рекомендовать
Последние новости