Серік Егізбаев: "Жобаларымызды көзбояушылық үшін емес, нақты нәтижелер үшін жүзеге асырамыз"

Сағыныш Сардарова 27 мар. 2024 16:13 2248

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, "Ауыл" партиясының төрағасы Серік Егізбаев "Ulys" сайтына сұхбат беріп, Атырауда өткен Ұлттық құрылтай, Наурызды жаңа форматта тойлау және "Ауыл" партиясының Парламенттегі жұмысына қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Наурызды жаңаша тойлау - ұлттық құндылықтарды жаңғырту

- Серік Рахметоллаұлы, алдымен сізді күні кеше ғана дүркіреп өткен Наурыз мейрамыңызбен құттықтаймын!

Рақмет, сізді де осы бір тамаша мейраммен құттықтаймын және барша ұжымыңызға Жаңа жылда жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!

- Рақмет! Алғашқы сауалымды да осы Наурыз мерекесіне байланысты қойсам деп едім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  бастамасымен биыл бұл мейрам "Наурызнама" деп ежелгі атауымен  жаңа форматта ерекше реңкпен өтті. Он күннің әрқайсысына айрықша атау беріліп, халық жаңаша ықыласпан тойлағанын көрдік. Сіздің ойыңызша, бұл идея немен байланысты әрі мұндай жаңаруды жалпы қалай бағалар едіңіз?

- Дұрыс айтасыз, биыл Ұлыстың ұлы күні жаңаша тойланды. Жалпы  сауалыңызға толыққанды жауап беру үшін өткенге сәл шегініс жасауға тура келеді. Кеңестік кезеңдегі тарихымызда халқымыздың көптеген салт-дәстүрі ұмыт қалғаны белгілі. Бұл мәселе Ұлыстың ұлы күнін де айналып өтпеді. Наурыз мерекесіне ескіліктің сарқыншағы ретінде 1926 жылы тыйым салған болатын. Тек 1988 жылы ғана бұл мереке қайтадан тойлана бастады. Дегенмен, бұрынғыдай сән-салтанатымен емес, ішінара кейбір элементтері сақталған нұсқада ғана аталып өтіп жүрді.

Атап айтқанда, әкімдіктер мен өзге де мемлекеттік мекемелердің күшімен қалалардың, елді мекендердің басты алаңдарында киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар дайындалды. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, кей жерлерде түйе мен ат мінгендердің салтанатты шерулері өткізіліп жүрді. Демек, осы жылдар бойы Наурыз мейрамын тойлау негізінен халықтың жаппай серуендеуі форматына көбірек ұқсады. Әрине, бұлар да мейрам нышаны. Бірақ, өкінішке қарай, бұл қандай да бір мазмұнды не боласа қоғамдық маңызы бар әсер бере алмады.

Қалай дегенде де Наурыз –  осыдан 5 мың жыл бұрын пайда болған және Ұлы далада тұрғындарының ең көне мейрамдарының бірі. Жаңа жылды тойлау шамамен 10 күнге созылған және бұл кезең "Наурызнама" деп аталған. Мейрам бірлікті, бауырластықты, ынтымақтақты, береке-бірлік пен жаңаруды паш еткен.

Осы тұрғыдан алғанда, Президенттің бастамасы осынау көне мейрамның бастауына, түпнегізіне, өзіндік өзегіне пәлсапасын оралуға арналған. Ал онкүндіктің әр күніне "Қайырымдық күні", "Шаңырақ күні", "Ұлттық киім күні" сияқты тақырыптық бағыт беру, меніңше мерекенің жаңа дәстүрлерін, құндылықтарын қалыптастырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасының бүгінгі іс жүзінде жүзеге асырылуы көрсетіп отырғандай, халық оны рухтанып, толығымен қолдады. Наурызды осындай форматта мерекелеу оны шын мәнінде ұлттық бірлік пен ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың нышанына айналдыратынына сенімдімін.

Ұлттық құрылтай - өзінің тарихи миссиясын жалғастыруда 

- Жуырда ғана Президенттің қатысуымен Атырауда Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтті. Алқалы жиын өтердің алдында өзіңіздің құрылтай мүшесі болғаныңызды білеміз. Сіз үшін бұл алаңның рөлі қандай және Мемлекет басшысының сөзінен қандай маңызды түйін түйдіңіз?

- Ең алдымен Құрылтай Моңғол имериясы тұсында Ұлы далада ақсүйектер өкілдерінің жиналысы ретінде пайда болғанын еске түсірген жөн. "Яссы" заңдар жинағында құрылтайға үлкен саяси мән берілген. Бұл үрдіс кейінірек қазіргі Қазақстан мемлекеті мұрагері саналатын Алтын ордада да, Қазақ хандығы кезінде де жалғасын тапты. Құрылтай ханды таққа отырғызу не тақтан тайдыру, соғыс не бейбітшілікке қатысты шешім қабылдау, шетелдермен келісімшарт жасасу және басқа да маңызды мәселелерге орай шақырылған.

Осылайша, құрылтай бүкіл ұлттың болашақ тағдырын айқындайтын өзекті мәселелерді шешу үшін өткізілді. Дәл сондықтан Ұлттық құрылтай қазіргі заманғы түсіндірмесінде өзінің тарихи миссиясын жалғастырып жатқаны қуантады. Онда қоғам мен тұтастай мемлекетті одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдар талқыланады және әзірленеді.

Айтпақшы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та "Құрылтай – ешқашан той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес, келешекте де ондай болмайды" деп нақты айтқан болатын. Ал түйінді сөзге келер болсам, Мемлекет басшысы маңызды идеологиялық тұжырымдарымыз бен негізгі бағыттарымызды нақты әрі жан-жақты жиынтықтап, қалыптастыруы аса маңызды деп санаймын. Естеріңізге салайын, бұл – Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық.

Өздеріңіз білетіндей, қоғамымызда ұзақ уақыттан бері Қазақстанның ұлттық идеясына қатысты пікірталастар толастар емес. Ғалымдар мен сарапшылар әртүрлі идеяларды ұсынды. Олардың кейбіреуі тарихқа негізделсе, өзгелері шет елдерден көшірілді. Алайда, Президент өз сөзінде әрбір қазақстандыққа жақын әрі түсінікті құндылықтарды ұсынып отыр. Осы идеялық негізге сүйене отырып, ұлтымыз ХХІ ғасырда лайықты орын ала алатынына сенімім мол.

"Ауыл" парламентте ауқымды істермен айналысуда 

- Соңғы парламенттік сайлауда "Ауыл" партиясы жеткілікті деңгейде сайлаушылардың дауысын алып, ықпалды саяси күшке айналғанын дәлелдеп алғаш рет Парламент Мәжілісінің құрамына кірді. Осы орайда өзіңіз жетекшілік ететін партияның депутаттық фракциясы күш-жігерін қандай мәселелерге салып жатқаны, неге баса назар аударып отырғандарыңыз халықты да қызықтырады деп ойлаймын... 

- Өте жақсы сұрақ қойып отырсыз. "Ауыл" партиясы қазір Парламентте  ауқымды істермен айналысуда. Талдап айтар болсам,  партия депутаттары қазір жұмыстарын үш бағытта жүргізіп жатыр. Бірінші, бұл партияның сайлуалды тұғырнамасын жүзеге асыру екендігі сөзсіз. Естеріңізге сала кетейін, үгіт-насихат жұмыстары барысында сайлаушыларға, әсіресе, ауылда еңбек етіп жүрген азаматтарға бірқатар мәселені заңнамалық тұрғыда шешуге уәде берген еді. Олардың арасындағы ең маңыздылары – бұл "Агробанк" құру және "Ауыз-түлік қауіпсіздігі туралы" заңды қабылдауға бастамашылық жасау.

Бұл екі мәселе де Мәжілістегі фракциямыздың айрықша назарында тұр. Сондай-ақ, бүгінде "Агробанк" құру мәселесі Ұлттық банктен де, ауыл шаруашылығының министрлігінен де қолдау тауып отырғаны қуантарық жайт. Мұнан бөлек, бұл мәселені барлық басқа депутаттық фракцияның депутаттары да қолдап отыр.

"Азық-түлік қауіпсіздігі туралы" заның қабылдануына бастамашылық жасау туралы айтар болсақ, бұл ретте жұмыс Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге жүргізіліп жатыр. Әзірше, сарапшылық деңгейге пікірталастар өткізіліп жатыр. Дегенмен, бірлескен күш-жігердің арқасында бұл  мәселеге қатысты оңтайлы шешім қабылдай аламыз деп ойлаймын.

Екіншіден, фракциямыздың депутаттары заң шығарушылық жұмысқа да тікелей әрі белсенді атсалысып келеді. Қыркүйек айында басталған жаңа сессиядан бері ғана депутаттарымыз заң жобаларына 260-тан астам түзету енгізді. Сондай-ақ халықты толғандыратын ең өзекті мәселеге қатысты 333 депутаттық саул жолдады. Оның 32-сі Мәжілістің жалпы отырысында жария етілді.

Олардың кейбірін бөле-жара атап өту жөн болмас деп ойлаймын. Өйткені, олардың әрқайсы, ол тіпті заң жобасына түзету не болмаса депутаттық сауал болса да қалай дегенде де нақты бір саланың, азаматтардың нақты бір тобының мүддесін қозғайтындығы сөзсіз. Осы орайда партиямыздың заманауи коммуникация, қоғаммен қоян-қолтыққа баса мән беріп отырғанын да айта кетейін. Азаматтарымыз кез келген уақытта депутаттардың жұмысымен партиямыздың әлеуметтік желілердегі парақшасынан жан-жақты таныса алады.

Үшінші маңызды бағыт – бұл депутаттардың азаматтарды жеке қабылдауы. Біз азаматтардың түрлі санаттарымен үнемі кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз немесе нақты мәселелерді шешеміз. Осы сессия басталған сәттен бері ғана партиямыздың 8 депутаты  мәселесін айтып келген 205 азаматты  қабылдады.

Партияның ендігі бағыты - қоғам мен заман сұранысына сай даму 

- Партия атынан Парламенттегі депутаттардың жұмысы жайлы егжей-тегжей айтып бергеніңізге көп рақмет. Енді партияның өзінің жұмысы туралы да толығырақ білгіміз келеді. Партияның төрағасы ретінде бүгінде партияластарыңыздың алдына қандай міндеттер жүктеп отырсыз?

- Партиялар сайлаудан сайлауға дейінгі аралықта "ұйықтап жатады" деген қасаң пікір бар. Ол біздің ұстанымға сай келмейді. "Ауыл" партиясының жұмысы парламенттік сайлау өте салысымен бірден басталып кетті. Өзіміз үшін дамудың бірнеше басым векторын айқындап алдық.

Бүгінгі күн ақпараттық технологиялар заманы, ал өзіміз ақпараттық қоғамда өмір сүретіндігіміз ешкімге де құпия емес. Сондықтан да бірінші вектор ақпараттық кеңістіктегі жұмысты барынша жандандыруға күш салып келеміз. 

Партия күнделікті дерлік өте ауқымды жұмысты атқарып жатыр. Әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық бағыттарда да өзге де барлық салада жобаларымыз бар.  

Сол себепті алдымызда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы тек партиямыздың мүшелерін ғана емес, сонымен бірге партиямызға ниеттес жандарды, сонымен қатар еліміздің барлық халқын үнемі құлақтандыру міндеті тұр. Іс жүзінде – бұл біздің мейнстрим. Бұл үшін ақпараттық ресурстардың барлық мүмкіндіктерін қолданамыз – әлеуметтік желілер, телеарналар мен газеттер бар дегендей.

Бірақ, ең басты міндет - тек жылтыңдап көріну емес, парақшаларымызды тиісті мағлұматтармен толықтыру екені сөзсіз. Сол себепті "Ауыл" партиясының жаңа ақпараттық өнімі тек біздің жақтастарымыз үшін ғана емес, сонымен бірге еліміздің барша азаматы үшін пайдалы болады деп үміттенеміз.

Екінші вектор – ауылдық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске қосумен байланысты. Бұл – өз мәні жағынан өте ауқымды, бірақ қарапайымдылық тұрғысында барынша түсінікті жоба. Оны қазіргі уақытта Ақмола облысының Ақкөл ауданында сынақтан өткізе бастадық.

Бұл жобаны аталған ауданда сынақтан өткізіп жатқанымыздың өзіндік себебі бар. Өйткені, дәл осы Ақкөл ауданының тұрғындары алғаш рет өткізілген сайлауда партияласымызды аудан әкім ретінде сайлаған болатын. Сондықтан да осы жылдың басынан бері аталған ауданда ауылдық кәсіпкерлікті жандандыруға бағытталған бірқатар іс-шара өткіздік. Алғашқы нәтижесін осы жылдың соңына қарай көреміз деп отырмыз. Мұнан бөлек, дәл осындай жобаны Абай облысының Абай ауданы мен Түркістан облысының Бәйдібек ауданында жүзеге асыруды жоспарладық.

Үшінші вектор – бұл қоғамдық маңызы бар жобаларды іске қосу және жүзеге асыру. Олардың қатарында "Ауыл нақыштары", "Батамен ел көгерер", "Кітапқа екінші өмір сыйла" сынды жобалар бар. Біз жобаларды көзбояушылық үшін емес, нақты мультипликативті әсері болуы үшін жүзеге асыруға тырысамыз. Қысқаша түйіндеп айтар болсам, партиямыздың қызметі осындай.

- Сұхбатыңызға рақмет!


Рекомендовать
Последние новости