“Инвестиция – кез келген экономиканың “күретамыры” деген еді Президент. Бұл ретте біз еліміздегі ең ірі инвестордің бірі – Шеврон компаниясының Қазақстанға келгелі бері уақытта ел экономикасына қанша қаржы құйғанына тоқтала кеткенді жөн көрдік.
“Шевронның” өз құндылықтары бар. Соның бірі:
“Біз серіктесімізді сыйлаймыз
Серіктестермен арада сенімді әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға бет бұрамыз. Біздің жетістіктеріміз серіктестеріміздің жетістіктеріне негізделген” – деген маңызды принцип.
Иә, Шеврон солай дейді. Ширек ғасыр бойына Қазақстанмен қойын-қолтықтасып жұмыс істеп келе жатқан компания осы уақытқа дейін елдің экономикасына қыруар инвестиция құйды. Бірақ құр сөзден не пайда? Нақты дәлел келтірген жөн шығар.
Сонымен…
1993 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта Шеврон Қазақстанға 125 миллиард доллардан астам қаржы құйыпты. Аз ба? Аз деп айтуға аузымыз бармайды.
1993 жылдан бастап осы күнге дейін ТШО қазақстандық компаниялардың 24 миллиард долларын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланған екен.
Бүгінгі таңда ТШО-да еңбек ететін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 80 пайыздан асып жығылған (1993 жылы бұл көрсеткіш 50 пайызды құраған-тұғын).
Алдағы жылдары бұл көрсеткіш өсе түспесе, төмендемейді. Жергілікті мамандар кейбіреу ойлағандай Шевронның «қара жұмысында» жүрген жоқ. Әзір ТШО-дағы қазақстандық мамандар жалпы басшылық құрамның 67 пайызын құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаның нәтижесінде жауапты қызметке тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары артып келеді.
Бір ғана дәлел. Бір ғана былтырғы жылы 156 қазақстандық қызметкер басшылық, жауапты және маңызды техникалық қызметтегі шетелдік қызметкерлерді алмастырған.
Шевронның шарапаты тек мұнымен шектеліп отырған жоқ, әрине. Компанияның әлеуметтік жобалары тағы бір мақалаға арқау болады, анығында.
1993 жылдан беріге дейін ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,4 миллиард доллардан астам қаржы жұмсаған екен.
Қазақстанға келген алғашқы күндерден бастап «Шеврон» әлеуметтік жобаларды жандандыруды қолға алды.
«Шеврон» білім саласына да едәуір ықпал етті. Осыдан 5 жыл бұрын компанияның мұрындық болуымен Қазақстан-Британ техникалық универститетінің (ҚБТУ) жанынан алғашқы рет Қазақстан Теңіз Академиясы құрылды. Акамедияның алғашқы түлектері қазіргі күні теңіз тасымалы саласында тер төгіп жүр.
Мұның бәрі еңбек. Еңбектің еленбеуі мүмкін емес. Ел көріп отыр. Шарапатын сезініп отыр.