Сенатор: Ұрпақтың қалтасына қол салып, қол салғанда мол салған жоқпыз ба?

Сағыныш Сардарова 05 дек. 2024 13:58 1321

Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұртөре Жүсіп өте маңызды сауалды көтерді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында биыл 1 ақпанынан бастап Қазақстан азаматтары саналатын барлық баланың жинақы қорына Ұлттық қордан алғашқы қаражат түсті. Бағдарламаға 6,9 миллион бала қатысты. Осыған байланысты сұрақ: Ұлттық қордан мақсатты трансферттер тарту қордың активтеріне және "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының іске асырылуына қалай әсер етеді?

Біз келешек ұрпақтың қалтасына қол салып жатқан жоқпыз ба? Қол салғанда мол салып отырған жоқпыз ба? 2024 жылдың аяғына дейін және келесі жылдары әр балаға қанша қаражат аударылады?", - деп сұрады сенатор.

Қаржы министрі Мәди Такиев балалардың есепшоттарына аударылатын қаражаттың доллармен сақталатынын, сондықтан ол инфляциялық әсерден қорғалғанын айтты. Сонымен қатар бұл сома ұлғайып отырады.

"Инвестициялық кіріске келсек, биыл 2,6 пайыз есептедік. Келесі жылы инвестициялық кіріс 3 пайызға дейін болады деп болжап отырмыз. Сондықтан 1 қаңтарға қарай 118–120 доллар болжап отырмыз. Бірақ 1 ақпанға дейін бәрін нақтылап, нақты көрсеткіштерді айтамыз", - деді Такиев.

Келесі жылы балалардың есепшоттарына бұрынғы 100 доллардың орнына шамамен 120 доллар түседі.


Рекомендовать
Последние новости