Сенатор Азия парламенттік ассамблеясының отырысына қатысты

Dalanews 23 нояб. 2017 11:13 813

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қаупсіздік комитетінің хатшысы Дархан Кәлетаев және Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерілік комитетінің мүшесі Манап Көбенов Ыстанбұлдағы Азия парламенттік ассамблеясының 10-шы отырысына қатысуда. Кездесу «Азиядағы бейбітшілік пен даму» тақырыбымен өтіп жатыр.

Депутаттар Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісінің қайта тағайындалған төрағасы, сайлауға Әділет және даму билеуші партиясынан түскен Исмаил Кахраманмен кездесті.

Сенатор Д.Кәлетаев Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі төрағасы жоғары лауазымына И.Кахраманның тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады.

Рекомендовать
Последние новости