Семейді дамыту? Алдағы жылы екі бірдей жаңа мектеп ашылады - қала әкімі

Dalanews 22 дек. 2021 17:59 707

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласын дамытудың 2020-2025 жылға арналған кешенді жоспарын жүйелі жүргізілуде. Қала басшылығы бірінші кезекте білім сапасын көтеруге күш салмақ. 

Осы мақсатты келер жылы Степной кентінде 300 орынға шақталған, Шығыс кентінде 1200 орынға арналған екі жаңа мектептің есігі айқара ашылады.

Бұл жайында Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-жиынында қала әкімі Бақытжан Байахметов баян етті.

Сапалы білім алу жағдайын теңестіру үшін және қаладағы оқушы орындарының дефицитін болдырмау мақсатында келешекте 2700 орынға арналған 5 мектеп құрылысы жоспарланған, Қарағайлы ықшам ауданында 1 мектеп, Водный кентінде – 1, Ақсай кентінде – 1, Шығыс кентінде – 1 және 1 инновациялық технология мектебі, – деп хабарлады қала әкімі.

Бұдан бөлек, балаларды мектепке дейінгі мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту үшін, мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде 2290 орынға арналған 9 бала-бақша құрылысы жоспарланған. Қарағайлы ықшам ауданында – 2 (320 орынға арналған), Восход кентінде – 1 (140), Бобровка кентінде – 1 (320), Шығыс кентінде (сол жағалау) – 1 (320), Водный кентінде – 1 (90), Шығыс кентінде (оң жағалау) – 1 (140), Жаңа құрылыс ауданы – 1 (320) және қаланың орталық бөлігінде – 1 (320).

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде 2 жастан 3 жасқа дейінгі 3 мыңға жуық бала кезекте тұрғаны атап өтілді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиемен және білім берумен қамту 76,7%-ды құрайды.

Рекомендовать
Последние новости