Семейде кірпіштен «Көк аспан» үйлері салынуда

Dalanews 14 июн. 2017 15:57 947

Қаланың ең ірі құрылысында жергілікті өндірушілердің ерекше кірпіштері қолданысқа ие болды. ШҚО әкімі Семей қаласына жұмыс сапары барысында Қарағайлы ықшам ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.    

Бір жыл бұрын қаланың бұл шеткі аймағы бос жатқан дала болатын. Бүгін бұл жерде әлемдік стандарттарға сай, жаңа тұрғын үй массиві салыну үстінде. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырғандай, әр бір пәтерге тиесілі біржарым көлік тұрақ орындарын қарастырылған, үй аралық жол ені үш метірдің орынына алты метр, әдемі және қауіпсіз спорт пен ойын алаңдары салынуда.

– Сонымен қатар бұл жерде универсалды мәдени-спорттық залы бар, бес мың орындық «Абай Арена» атты тамаша кешен салынады. Ол бірнеше қабаттарға бөлінеді. 50 метрлік олимпиадалық бассейн және синхронды жүзуге арналған арнайы бассейн салынады – деді Даниал Ахметов  – Бәрімізді қуантататын бұл ықшам ауданы өте әдемі болатынына сенімдімін.

Көп қабатты үйлер аспанның көк түсіндей кірпіштерден салынады. Бұл жергілікті өндірушілердің материалдары. Олар сапаның барлық талаптарын орындады. Егер мердігер басқа мемлекеттен алып келу қажет деп санаса, оған ешқандай қарсылық жоқ – деп атап өтті ШҚО әкімі. Ең бастысы жоспарлағанды іске асыру, яғни ықшам ауданның әдемі келбетін жасау.

«Көк аспан» үйлерді салумен «Сәт Транс» ЖШС және «Фирма Азия» ЖШС айналысуда. Техникалық бақылауды «СК Тумар» ЖШС, авторлық бақылауды – «СемейПроект» ӨК жүргізуде.

 

Рекомендовать
Последние новости