Семейде жолсеріктерді 2 жыл бойы бопсалап келген блогерге қатысты сот үкімі шықты

Қаракөз Амантай 27 апр. 2024 10:57 3967

Семейде теміржол қызметкерлерін бопсалаған блогерге сот үкімі шықты. Енді 34 жастағы азамат алдағы 3,5 жылын теміржолда өткізеді, деп хабарлайды Dalanews.kz KTK арнасына сілтеп. 

Жергілікті тұрғын 2 жыл бойы жолсеріктерді қорқыту арқылы ақша алып отырған. Семейден қатынайтын жолаушылар пойызына мініп, қызметкерлерді масқаралайтын видео түсірген. Сосын өзін блогер және қоғам белсендісі ретінде таныстырып, әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытқан. 

Сосын теміржол қызметкерлері қорыққандықтан ақша берген. Осылайша блогер екі жыл ішінде 10 миллион теңгеден астам ақша алған. Бопсалаушының бұл әрекетінен 25 жолсерік зардап шеккен. 

Енді блогер үш жарым жыл түрмеде отырып, жәбірленушілердің шығынын толық өтеуге міндеттелді.

“Қылмыстық кодекстің 58 бабы 3-бөлігі бойынша жеңіл жазаны ауыр жазаға ауыстырып, 3,6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жаза үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін”, – деді судья.


Рекомендовать
Последние новости