Семейде жанып жатқан пәтерден адамдар соңғы сәтте құтқарылды

Сағыныш Сардарова 12 нояб. 2025 12:57

Семейде полицейлер жанып жатқан пәтерден адамдарды аман алып шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

10 қарашада Семей қаласындағы көпқабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің балконында өрт шыққан. Салдарынан әйнектер ерітіп, пәтер ішіне өте бастаған сәтте оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция қызметкерлері жеткен.
Олар үйге жүгіріп кіріп, жоғары қабатқа көтерілді. Полицейлер тұрғындарды сыртқа шығарып, жалынды өз күштерімен сөндіруге кіріскен. Олар дер кезінде қабылдаған шешімі мен батыл қимылының арқасында өрт әрі қарай таралуына жол бермеді.
Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін тәртіп сақшылары аулада тұрған көліктерді жылжытып, арнайы техниканың өрт ошағына тез жетуіне жағдай жасаған.

Рекомендовать
Последние новости