Елімізде онкологиямен ауыратын балалар дәрі- дәрмексіз қалуы мүмкін

Асель Қайратқызы 11 нояб. 2025 17:15

Денсаулық сақтау Вице-министрі Тимур Мұратов 2025 жылғы 11 қараша күні үкіметтегі баспасөз мәслихатында балалардың онкологиялық ауруларын емдеуге қандай дәрілер сатып алынғаны туралы мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz.

Онкологиямен ауыратын балалардың ата-аналары 2026 жылы алғашқы нұсқадағы дәрілерден айырылып қаламыз деп алаңдауда. Журналистер атап өткендей, ата-аналар Үндістан мен Беларуссияда өндірілген генерик нұсқасын қаламайды, өйткені оларды қабылдау балаларға ауыр тиеді.

«Қазір үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр, «СК-Фармация» арқылы тіпті жақын шет елдерден де баламалар табылуда. Метотрексатқа қатысты – ол, әрине, болады», – деп жауап берді Тимур Мұратов.

Жалпы алғанда, спикердің сөзінше, Қазақстан заңды тіркеуден өткен, яғни Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығы жүргізетін тексеруден немесе эксперттік бағалаудан өткен дәрілік заттарды сатып алады.

«Сіздер неге 30% арзан істейсіздер деп сұрайсыздар. Бұл – сол алғашқы нұсқадағы дәрілерді жасауға жұмсалған қаражат көлемі. Ал генерик нұсқасын өндірушіге бұл қажет емес, ол тек сол технологияны қолданып қайта өндіреді. Сондықтан біз оның 30% арзан болуы керек деп есептейміз. Бірақ бұл генерик нұсқаның сапасы алғашқы нұсқадағы дәрілерден төмен дегенді білдірмейді. Олар қауіпсіздік пен тиімділік жағынан бірдей», – деп қосты вице-министр.


Рекомендовать
Последние новости