Семейде ер адам полиция бөлімінің алдында аяусыз соққыға жығылған

Сағыныш Сардарова 15 авг. 2025 16:11

Семейде белгісіз біреулер ер адамды орталық полиция бөлімінің алдында соққыға жығып, пышақтап кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Семейдің орталығында жантүршігерлік оқиға болды. Жаяу жүргіншілер өткелінің маңында, ең бастысы орталық полиция бөлімінің ғимаратынан бірнеше метр жерде ірі денелі ер адамдар жолда жатқан адамды соққыға жыққан.
Мәліметке сүйенсек, шабуылдаушылардың бірінде пышақ болған, ол жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасаған.
Оқиға күндіз куәгерлердің көз алдында болған. Олар болған жайтты телефон камерасына түсіріп алған.
 
Әлеуметтік желі қолданушылары видеоны көрген соң полицейлердің көз алдында болып жатқан бұл бассыздыққа және ешкімнің жәбірленушіге көмектеспегеніне наразылық білдірген. Дегенмен өтіп бара жатқан адамдардың бірі араласуға тырысқан.
 
Абай облыстық полиция департаменті әзірге болған оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Рекомендовать
Последние новости