Семейде деструктивті діни ағымды ұстанған отбасы балаларын мектепке жібермеген

Қаракөз Амантай 09 окт. 2025 09:28

Семейде деструктивті діни ағымды ұстанған отбасы  8 бен 13 жас аралығындағы үш баласын мектепке жібермей қойған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ата-анасының ұстанымына байланысты балалар білім алу мүмкіндігінен айырылған. Прокуратураның араласуынан кейін балалар мектепке қабылданды, ал олардың анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысында деструктивті діни ағымын ұстанатын отбасы 15 жастағы қыздарын күйеуге беріп жібергені белгілі болған еді. Қылмыс жасады деген күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы 16 наурызда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ведомствоның мәліметінше, арыз полицияға 15 наурызда түскен. Сол күні қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл оқиғаға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де түсінік берді.

"Қыз туған әкесінің қасында, оған барлық қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр және құқықтық қолдау көрсетіледі. Облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл әкесімен байланыста, сонымен қатар өгей әке мен анасын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш берді. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жағдайды назарда ұстап, баланың құқығын қорғау үшін барлық шараны қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.

Рекомендовать
Последние новости