Атырау тағы да түтінге тұншығып жатыр

Қаракөз Амантай 07 окт. 2025 10:23

Атырау тағы да түтінге тұншығып жатыр. Облыс әкімдігінің мәліметінше, жағдайға байланысты әкімнің тапсырмасымен жедел штаб отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев төрағалық етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Штабтың басты мақсаты – қалада тараған түтін мен күйік иісінің себебін анықтап, өрт ошақтарын жою. Мониторинг нәтижесінде түтіннің шығу себебі "Сасық сай" булану алқабының маңындағы өрттен болғаны белгілі болды. Бұл аумақ Каспий теңізі жағынан шамамен 20 шақырым жерде орналасқан.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен арнайы техникасы тартылған.


Рекомендовать
Последние новости